«ХАЛАЛ ДАМУ» ДИРЕКТОРЫ – АҚЖАЙЫҚ ӨҢІРІНДЕ

«ХАЛАЛ ДАМУ» ДИРЕКТОРЫ – АҚЖАЙЫҚ ӨҢІРІНДЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жақында ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Аташев пен технолог-нутрициолог Айзат Сатаева арнайы іссапармен Орал қаласына барды.

Іссапар барысында ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің сертификатын алған 21 кәсіпорынға кезекті тексеріс жұмыстары жасалып, «QMDB Halal» сертификатының маңыздылығы түсіндірілді. Тексеріс барысында жаңадан сертификат алуға ниетті кәсіпорындарға да барып, адал өнімнің өмірдегі құндылығы баяндалды. 

«Халал Даму» директоры Айбек Аташев пен облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы «Батыс-НЫҚ» және «Ет өнімі» кәсіпорындарында болып, шұжық өндірісіне аудит жасады.

Одан кейін Айбек Аташев облыстық  орталық «Орал» орталық мешітінде ақшам намазынан кейін жиналған жамағатқа халал тақырыбында әңгімеледі. Мешітте әйел жамағатымен өткен кездесу барысында «Халал индустриясы» туралы облыстық «Орал» орталық мешітіндегі әйел жамағатына сөз қозғады. Одан бөлек, «Орал» медресе-колледжіне барып, шәкірттерге «Халал – шариғат талабы» атты семинар жүргізді.

Ал нутрициолог Айзат Сатаева ҚМДБ «Халал» сертификатын алған кәсіпорындарды жіті тексерді. Облыстық «Орал» орталық мешітінде әйел ұстаздар мен жамағатқа «Халал ризық іздеу – мұсылмандарға парыз»  атты семинар жүргізіп, дебаг туралы кең көлемде түсінік беріп, қазіргі таңдағы халал сертификатын беру ережелерін түсіндірді. Адал мен арам табиғи қоспалар туралы,  доңыздың терісі, сүйегі, қылшығы мен іш құрылыстарынан өндірілген түрлі заттардың  діни және ғылыми негіздерге сүйеніп,  харамдығын дәлелдеп, жиылған жұртшылықтың сауалдарына тұшымды жауап берді.

Іссапар барысында ҚМДБ «Халал Даму» директоры Айбек Аташев тексеру және түсіндіру жұмыстарының нәтижелі болғанын жеткізді.

 
 

Пікірлер (0)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: