Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Сауд Арабия Королдігінің (САК) Қажылық және ұмра министрлігінің арасында жасалынған келісімшарт негізінде Қазақстан азаматтарына 4000 қажылық орны алынған болатын.
Осы уақытқа дейін қазақстан қажыларын тасымалдап келген САК тарапынан «Flynas» әуе компаниясы мен отандық «Scat» әуе компаниясының бағалары қымбат екендігі жиі айтылып, шағымдардың көбеюі себебінен ҚМДБ қазақстаннан баратын 4000 қажыны тасымалдау үшін әділ бәсекелестікке қол жеткізу және қажыларымызға қолайлы жағдай жасау мақсатында қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында конкурс жариялайды.
- Авиакомпанияның «Қажылық-2023» маусымында 4000 қажыны тасымалдауға ниет білдіру туралы хат жолдау;
- Қажылық маусымында Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабия Королдігінің арасында тікелей авиамаршрутқа арналған куәлiктерінің және екі елдің авиациялық талаптарына сай лицензияларының болуы;
- Авиакомпанияның А нүктесінен (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалалары) Б нүктесіне (Жидда, Мадина қалалары) алып баруға және алып келуге ұсынылған билет құнын ұсыну;
- Авиакомпания Қазақстан Республикасының 4000 қажысын 10.06.2023ж. мен 20.06.2023ж. аралығында А нүктесінен Б нүктесіне жеткізуге және 03.07.2023ж. мен 13.07.2023ж. аралығында Б нүктесінен А нүктесіне жеткізетін ұшақ борттары жайлы мәлімет ұсыну;
Аталған құжаттар 2 наурыздан бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы 7 наурызға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған авиакомпанияның ұсыныстары қаралмайды. Туындаған сұрақтар бойынша жауапты тұлғаға (Жәнділлә Бекжігітов +77014770717 ) хабарласуға болады.