«ӘДІЛЕТТІ ХАЛИФАЛАР ӨМІРІНЕН ӨНЕГЕ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

«ӘДІЛЕТТІ ХАЛИФАЛАР ӨМІРІНЕН ӨНЕГЕ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Астана өкілдігіне қарасты «Әл-Ғани» мешітінде «Әділетті Халифалар өмірінен өнеге» тақырыбында елорда имамдарына арналған семинар өтті.

Семинарда діни оңалту бөлімінің  меңгерушісі  Хасан Ташайұлы Аманқұлов  деструктивті діни ағым (ДДА)  жақтастарымен жұмыс жасаудағы Орта Азияда оқылған көне түрік кітаптарының орны және оларды оқытудың маңыздылығын атап айтты. ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков атақты Халифалар кезінде пайда болған діни ағымдардың методикасын, таралуын және зиянын айтып, әділетті Халифалар өмірінен өнегелер келтірді.  Сондай-ақ, Діни оңалту бөлімінің маманы Данияр Кенжалин ДДА жақтастарымен қалай жұмыс жасалып жатқанын түсіндіріп өтті.  Жиын соңын «Әс-Сәләм» мешітінің наиб имамы Төрежан Жүніс көне түркі дәуірінде жазылған «Устади Әууәл» кітабы бойынша дәріс оқып қорытындылады. Сонымен қатар, ол жиынға қатысушы имамдарға аталған кітапты практикалық оқытудың әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Шақырылған қонақтардың тұшымды баяндамасынан елорда имамдары тың ақпараттарға қанық болды.

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: