Дене шынықтыру адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, рухани жақтан да тәрбиелейді. Өз нәпсісін жеңуге, өз денесін өзіне бағындыруға жәрдемдеседі. Ибн Әл-Қайим былай дейді: «Атқа міну, садақ ату, күрес пен жүгіру – созылмалы аурулардың бірден-бір дауасы».
Жамағаттың салауатты өмір салтын қалыптастыру, бірлігін арттыру мақсатында мешіттердің жамағаты арасында кіші футболдан турнир өтті. Спорттық додаға 6 топ қатысып, тартысты ойын көрсетті.
Нәтижесінде, 1 орынды "Самал" тобы, 2 орынды "Қордай" тобы, 3 орынды "Рахман" тобы жеңіп алды. Жүлде алған ойын топтарына Аудандық спорт бөлімінің басшысы атынан алғыс хат, кубок және бағалы сыйлықтар табысталды.
Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі



06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

