“1 наурыз - алғыс айту күні” ауданымыздың бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлының бастамасымен және ауданымыздағы «RIZYQ Mubarak» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне орай игілікті іс-шара болып өтті.
Пайғамбарымыз "АДАМҒА АЛҒЫС ЕТЕ АЛМАҒАН, АЛЛАҒА ШҮКІРШІЛІК (РАХМЕТІ) ЕТЕ АЛМАЙДЫ" деген. Аталған іс-шарада ауданымыздың бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы мешітімізге еңбегі сіңген ақсақалдарымызға, қарындас-әпкелерімзге қарапайым халыққа алғыс айтып, сыйлықтар таратты.
Талас аудандық "Қаратау Қажы би» мешітінің баспасөз қызметі