Charlie Hebdo журналы 750 долларға қымбаттаса да, киоскілерде бірде-бір данасы қалмаған

Charlie Hebdo журналы 750 долларға қымбаттаса да, киоскілерде бірде-бір данасы қалмаған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Екі күннен бері Charlie Hebdo сатиралық журналы редакциясының алды ығы-жығы халыққа толы. Кезекті санының шыққанына 2 күн болған журналды оқығысы келетіндердің санында есеп жоқ, деп хабарлайды Bnews.kz.

Париждегі газет сататын киоскілер бүгінгі жұмыс күнін әдеттегіден ерте бастады. Таңғы 7.00-ге (Астана уақыты бойынша 11.00-ге) дейін барлық киоскілерде Charlie Hebdo журналы сатылып кеткен. Ал жұмыс күнін әлі бастамаған газет дүкендерінің алдында жергілікті халық ұзын-сонар кезекте тұр.

Мұсылмандарды масқаралау үшін шығарылған журналдың нөмірі eBay аукционында 80 мың долларға сатылып жатқаны жуырда ғана ақпарат құралдарында жарияланған болатын. Журналдың алғашқы қатарында Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың суреті орналастырылған. Бұл суретті 76 жастағы карикатурист Жан Кабю салған, ол өткен аптада Парижде болған лаңкестік акті кезінде өлтірілді.

Charlie Hebdo-ның соңғы нөмірі өз құнынан 100 есе қымбатқа сатылған, яғни, интернет арқылы сатылған бір журналдың құны 750 долларға дейін жеткен. Журналдың бұл санын лаңкестік актіден тірі қалғандар «Аман қалғандар» деген атпен шығарыпты.

bnews.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: