Йемендік "Әл-Каида" Париждегі террактіні мойнына алды

Йемендік "Әл-Каида" Париждегі террактіні мойнына алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Йемендегі "Әл-Каида" бөлімшесі Франциядағы Charlie Hebdo сатиралық журналы редакциясына шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті мойындарына алды, деп хабарлады ВВС.

Топ оның өкілі "Әл-Каида" бас көшбасшысы Айман Завахири Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға тіл тигізген журналға шабуыл жасауға бұйрық бергенін хабарлаған бейне үндеуді жариялады.

Бұдан бұрын Charlie Hebdo-ға шабуылдаған ағайынды Кувашидердің бірі - Шерифтің "Арабия жарты аралында Әл-Каиданың" атынан шыққанын хабарлаған бейнетүсірілімі пайда болған.

Алайда "Әл-Каида" бұған дейін жауапкершілікті мойындарына алмаған болатын. Шабуыл салдарынан 12 адам көз жұмған еді.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: