Қазақстан Түркияның Дін істері басқармасымен қарым-қатынасты нығайтып келеді

Қазақстан Түркияның Дін істері басқармасымен қарым-қатынасты нығайтып келеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкиннің басшылығымен Қазақстан делегациясы Түркия Республикасына жұмыс сапармен келді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сапар барысында Ғ.Шойкин Түркия Республикасының Дін істер басқармасының төрағасы Мехмет Гөрмезбен, «Хасеки» дін орталығының басшылығымен және Анкара, Ыстамбұл, Кония қалаларында орналасқан ТР Дін істері басқармасының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан және Түркия дін басқармасының өкілдері екі мемлекет арасындағы теологиялық білім беру бағытындағы қарым-қатынас деңгейін талқылады. Нақтырақ айтқанда, ТР Дін істері басқармасының төрағасы М.Гормез бауырлас Қазақстанмен қарым-қатынасты кеңейтуге және нығайтуға дайын екендігін баяндады. Сонымен қатар, М.Гормез қазіргі таңда Түркия Республикасының территориясында 85 мың мешіт, 700-ге жуық теологиялық лицейлер мен құран оқып үйрену курстары және ТР жоғары оқу орындарында 100-ге жуық теологиялық факультеттердің бар екендігін хабарлады. Жоғарыда аталған барлық мешіттердің және оқу орындардың қызметін ТР Дін істері басқармасында жұмыс істейтін 1000-ға жуық қызметкер мен сарапшы қадағалайтынын хабарлады.

Өңірдегі мұсылман елдері арасында Түркияда дін мемлекеттен бөлінген. Зайырлы мемлекет құру бағытындағы Түркияның үлгісі өз икемділігімен ерекшеленіп, елдің дамуына және экономикасына өз үлесін қосып келеді. Мемлекет пен діни бірлестіктер арасында қарым-қатынастардың үлгісі ұлттық келісімнің сақталуына, елде діни экстремистік және радикалдық діни ағымдардың таралуына тосқауыл қояды.

Сонымен қатар, М.Гормез Түркияда имамдардың мемлекеттік қызметкер мәртебесіне ие екендігін және олар қажетті әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілетіндігін баяндай отырып, қазіргі таңда елде мемлекет тарапынан қаржыландыратын лицей және колледж деңгейіндегі діни оқу орындары, жоғары оқу орындарында тоелогиялық факультеттердің бар екендігін хабарлады. Дін саласындағы жасалған қажетті жағдайлардың нәтижесінде, халықтың діни сауаты жоғары деңгейде және экстремистік ағымдардың Түркия халқының сана-сезіміне әсер ету деңгейі өте төмен екендігін атап өтті.

Кездесу нәтижесінде қазақстандық діни қызметкерлерге теологиялық білім беру және басқа да діни бағыттар бойынша екі елдің ведомствоаралық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған Протоколды дайындау бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: