Тұрар Рысқұлов ауданы Әбжаппар ауылдық мәдениет үйінің кітапханасында «Әбдіжаппар» мешітінің имамы Киікбаев Ғалымжан «Діни экстремизм дегеніміз не?» тақырыбында насихат жасады. Ақпараттық іс-шараға кітапхана қызметкерлері мен мәдениет үйінің қызметкерлері қатысып, кейбір кісілер өз сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын естіді.
Ауыл имамы насихатында: «Діни экстремизм – діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Экстремизмнің зорлықпен, агрессиямен және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын белгілері көп. Экстремизмнің кең мағынасындағы ұғымы – мемлекеттік құрылысты күштеп өзгерту немесе билікті басып алу, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған діни мотивацияланған әрекет және осы мақсатта діни алауыздық пен өшпенділікті қоздыру», - деп баяндады.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі