ОПЕК өткен жылдың маусым айынан бері құлдырай бастаған мұнайдың әлемдік бағасын қорғай алмай отыр. Бұл туралы БАӘ энергетика министрі Сухейль Фарадж аль-Мазруи мәлімдеді.
Сондай-ақ, министр Солтүстік Америкадағы қатпарлы мұнай өндірісінің өсімін тоқтату керек деді.
Әлемдік баға маусым айынан бастап төмендеуде, дегенмен қарқын қараша айында артты. Бұл кезде Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мұнай шығару деңгейін бұрынғы көрсеткіш – күніне 30 млн баррельде сақтап қалу туралы шешім қабылдаған болатын.
«Біз белгілі бір бағаны әрі қарай қорғай алмаймыз», - деді БАӘ энергетика министрі Сухейль Фарадж аль-Мазруи.
hibatulla.kz