Түркиядағы жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару операциясына қатысқан Қытай азаматы Джун Кан мұсылман атанды, деп жазады Yeni Şafak. Кан табиғи апаттың салдарын тез арада жоюға көмектесу үшін Қытайдан келген іздеу-құтқару тобының басында қираған Малатия қаласына келді.
Басылымның хабарлауынша, қытайлық құтқарушылардың басшысы үйлердің бірінің қираған астынан аман қалған Құранды тауып алып, оны түрік әріптесіне беруге асықты. Алайда, түрік әріптесі мұсылмандарға арналған қасиетті кітапты өзіңе арналған сыйлық деп қайтарып берді.
Қытайлық құтқарушы болған жайды талдап, мұның Жоғарыдан келген белгі екенін түсінді. Көп ұзамай ол исламды қабылдау туралы шешімін жариялады. Иман келтіріп, кәлима-шахада айтқаннан кейін өзіне жаңа Юсуф есімін алды. Газет жариялаған фотосуреттерде дінді жаңадан қабылдаған мұсылман мешітте түрік әріптестерімен бірге түскен және оның қолында өзі үйіндінің астынан тапқан Құран кітабы тұр.
asyldin.kz