«КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫ – БАБАЛАР МҰРАСЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

«КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБАЛАРЫ – БАБАЛАР МҰРАСЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылғы бағдарлық баяндамасында көне түркі әдеби тілінде жазылған кітаптарды оқуға арналған курстар ашуды тапсырған болатын. Осыған орай Алматы Орталық мешітінде алғаш рет «Көне түркі жазуы – бабалар қазынасы» тақырыбында мешіт ұстаздарына арналған семинар өтті.

Бүгін Алматы Орталық мешітінде алғаш рет «Көне түркі жазуы – бабалар қазынасы» атты мешіт ұстаздарына арналған семинар өтті. Жиынға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы мен қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысты. Кіріспе сөз алған наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы бабалардан қалған мұра-жазбаларды оқып, ел игілігіне пайдалануда имамдарға сәттілік тіледі.

«Ғылым Ордасы»  РМК сирек кездесетін кітаптар музейінің маманы Асқар Асанұлы түркі жазбаларын оқудағы ой-тәжірибелерін бөлісті. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, көне түркі тілінде жазылған Ханафи мәзһабына негізделген бабалар кітаптарын оқуға арналған курстар ашу қолға алынған болатын. Алдағы уақытта мешіт ұстаздарына көне түркі тіліндегі жазбаларды оқыту бойынша мамандар дәріс өткізу жоспарлануда. «Бұл өз кезегінде деструктивті діни ағымдардың алдын алуда маңызды болмақ» деп атап өтті бас имам. 

 

 

  

 

 

 

 

 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: