#Т.Рысқұлов: «Дін және дәстүр сабақтастығы» атты дөңгелек үстелі өтті

#Т.Рысқұлов: «Дін және дәстүр сабақтастығы» атты дөңгелек үстелі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық орта мектебінің оқушыларымен «Имандылық – адамгершіліктің асыл қасиеті» атты дін мен дәстүрге байланысты іс-шара өткізілді. Іс-шараға «Құмарық» мешітінің имамы Тоқсанбаев Марат арнайы қатысып, дін мен дәстүрдің сабақтастығы, имандылықтың сатылары жайында кеңінен жалпақ тілмен баяндап берді.

 Ауыл имамы сөзінің бірінде: «Қоғамдағы бүгінгі күнгі ең басты мәселе – жас ұрпақты адамгершіліктің ең биік шыңы – имандылыққа , жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалуына жол бермеу, оған қарсы тұру. Ислам дінінің адам өміріндегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, тұрмыс – тіршілігіндегі рухани құндылықтарының көркем мәтіндеріндегі ғұламаларымыздың тәрбиелік өсиеттерін түсіндіру.

Ислам дінінің негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттердегі құндылықтарды салт – дәстүр, әдет – ғұрып тәрбиелерімен сабақтастырып жастардың бойына сіңіре отырып, тілін, дінін сүйюге, ата-ананы құрметтеуге, сабырлылыққа, төзімділікке, жат әдеттерден сақтануға тәрбиелеу, - деп қоса кетті.

Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: