Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық орта мектептің оқушыларымен «Ізгі қоғам» құру бағыты аясында «Әке мектебі - отбасы тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінің имамы Аубакиров Жанболат барып, тақырып төңірегінде баяндама жасады.
Жанболат имам сөзінің басын: Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы.
Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады.
Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала - шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді, - деп бастады.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі