Меркі аудандық «Меркі ата мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты «Меркі ата» мешітінің ұстазы Есбол Алпысбаевды жаңа қызметіне шығарып салды.
Бас имам Азамат Берікұлы өз алғысын білдіріп, жамағат алдында мешіт атынан сыйлығын табыстап, алдағы қызметінде адалдық, абырой-бедел тіледі. Арнайы жайылған дастархан басында жамағатта айтылған тілектерге қосылып, ұстаздарына тай мінгізді.
«Меркі ата» мешітінің ұстазы Есбол Алпысбаев мешіт басшылығына, жамағатына алғысын білдіріп, қимастықпен қоштасты.
Алла Тағала дініне, Қазақ еліне адал қызмет етуімізді баршамызға нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі