#Қордай: Үздік шәкірттер марапатталды

#Қордай: Үздік шәкірттер марапатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шәкәрімнің: «Біреудің мінін көргенше, Жамандығын тергенше, Өз ойыңды мазалап, Өз бойыңды тазалап, Өзіңмен күрес өлгенше!» деген сөзін көкейге түйіп, ғибрат алатындар некен-саяқ. Дәл осы іске амал етіп, Алла қарай адымдап, нәсімен күресіп, рухани амалын көбейткен шәкірттердің ықыласын арттыру мақсатында мешіт ұстазы Эльмира Аманқожақызы үздіктерді марапаттады. 

Қыркүйек айынан басталған рухани марафон Ережеп айында да жалғасын тапқан болатын.  Қоңыр күзден бері салауат, зікір, таңғы-кешкі дұғалар айтып, нәпіл намаздар қосқан шәкірттер амалымен көп ішінен жарқырай көрінгені рас.

Амалдарын әрмен жалғап, иманы мен ықыласын күйшейтсін деген мақсатта ұстаз Сададинқызы Индира, Сүлейменқызы Алтынкул, Аманғалиқызы Айнагул, Қутбидинқызы Диля, Бабикенова Жумакул, Абдраимова Райхан, Берденова Гулдерай, Серікқызы Жібек есімді шәкірттеріне алғыс хат табыстап, Алла алдында абырой тіледі.

 Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: