#Қордай: Әжелер алқасы "Қыз ұзату" дәстүрін қойылым негізінде насихаттады

#Қордай: Әжелер алқасы "Қыз ұзату" дәстүрін қойылым негізінде насихаттады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қыз баласын құрметтеп, оң жақтан орын беретін халықпыз. Балиғат жасына толған соң, аялы алақанда мәпелеп өсірген аяулы бойжеткеннің де ұзатылар уақыты келеді. Енді ежелден келе жатқан салт-дәстүрге сүйенсек, қызының ұшқан ұядан ұзап кетуіне анасы әу бастап дайындалып, жасауын реттеп, сәукелесін дайындаса, әкесі тойдың қамына кіріседі. 

Міне, осы сияқты әр ұлттың өзіндік дәстүрі бар. Оның түпкі мақсаты бір - шариғаттың жөнімен некені жария етіп, естіртіп, жастардың некесін қию. Осындай екі әулетті туыс етіп, ақ неке қиюдың өзіндік салтын аудандық "Қордай" мешітінде "Әжелер алқасы" көрсетті. 

Дінімізге негізделген қазақы дәстүрімізді насихаттау, қазіргі жас ата-аналарға дәстүріміздің дұрыс тұстарын жеткізу мақсатында жасалған ауқымды іс-шараға мешіт шәкірттері де атсалысты. 

"Қыз ұзату, қыз қоржыны, сырға салу" ұлттық дәстүрін шариғатпен ұштастыра отырып түсіндіріліп, жамағатқа жеткізілді.  Әжелер алқасының мүшелері ұйымдастырған шарада образдар арқылы қойылым қойылып, құда күту әдебі, қыз жасауы, қыз алып қашу, сырға салу  тақырыптарының исламдағы орны ашықталып көрсетілді.

Жиынға келгендер бүгінгі таңдағы жасалып жүрген салттардың дұрыс-бұрысын анықтап, түпкі мәнін жадыларына түйді. Көпшілік көненің көзі болған ақ жаулықтардан алдағы уақытта басқа да салт-дәстүрлеріміздің осы сынды насихатын көрсетулерін өтінді. 

Аудандық "Қордай" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: