Жаңа Зеландиядағы мешіттер Габриел циклонынан зардап шеккендерге есік ашты

Жаңа Зеландиядағы мешіттер Габриел циклонынан зардап шеккендерге есік ашты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаңа Зеландияда «Габриэль» тропикалық циклоны күшейіп, ел билігі төтенше жағдай жариялағанына байланысты мұсылман қауымы табиғи апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсету шараларын қолға алуда. Премьер-министр Крис Хипкинс: «Габриэль циклоны - Жаңа Зеландиядағы соңғы ғасырдағы ең ауыр ауа райы оқиғасы», - деді.

Циклонның жойқын күшінің салдарынан 2500-ге жуық адам шатырынан айырылды. Табиғи апат құрбандарының айтарлықтай санына байланысты Жаңа Зеландиядағы мешіттер түнеп, тамақтанып, жылынуға болатын баспана ретінде мұқтаж жандарға есігін айқара ашты, деп хабарлайды IslamNews.

Циклоннан зардап шеккен Окленд қаласындағы 5 мешіт: Биркенхед ислам орталығы, Понсонби мешіті, Батыс Окленд мешіті, Келстон мешіті және Авондэйл ислам орталығы. Мұсылман қауымы әлеуметтік желіде мешіт басшылығының байланыс телефондарын таратқан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: