ХАЛАЛ ДАМУ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

ХАЛАЛ ДАМУ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақмола облыстық «Науан хазірет» мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен халал өнімдерін тұтынуға қатысты семинар өтті.

Іс-шараға ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Аташев пен облыстың бас имамы Қуаныш Сәбит қатысып, кіріспе сөз сөйледі. Әйел жамағаты алдында «Халал Даму» мекемесінің бас сарапшы-технологы Айжан Омарова кең көлемді насихатқа негізделген дәрісін оқыды.

Елімізде халал сертификатын алған мекемелер мен кәсіпорындар және олардың өнімдері туралы ақпарат айтылды. Спикер халал өнімдер жөнінде ақпараттық технологиялар тілімен терең әңгімелеп берді.

«Халал мәселесі – адамның күнделікті амал-ниетінде алдынан кезігетін шариғат талаптарының бірі. Ас ішсең де, киім кисең де, тіпті, бір іс жасасаң да, оның халал талаптарымен үндесуі маңызды саналады. Ал, әйел адамдарға бұл – аса қажет құндылық. Өз ұрпағының тәрбиесінде де бабалардан мирас болған имани дәстүрлерді жаңғыртудың тағылымы мол» деді Айжан Омарова.

Осылайша елордадан арнайы келген спикер осы жайды мазмұнды да, мағыналы етіп түсіндіріп берді. Ал қатысушы әйел жамағаты өздерін қызықтырған сауалдарды қойып, жан-жақты жауаптар алды.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: