#Жамбыл: Мұсылман мұсылманға бауыр

#Жамбыл: Мұсылман мұсылманға бауыр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жұма намазын өткізді. Күндердің сұлтаны жұма күнгі намазды бауырлас Түркия елінде болып жатқан зілзаладан қаза тапқан бауырларымызға арнайы Құран бағыштап, Алла тағаладан жәрдем тіледі.

Мұсылман адам өзге адамдармен қарым-қатынаста өзара бауырмалдықтарын арттыратын амалдарды атқарып, бауырмалдық пен бірлікке сызат түсіретін істерден сақ болуы қажет. Қазіргі күні бауырлас Түркия елінде болған жер сілкінісінен кейінгі жағдайды баршамыз естіп, біліп отырмыз. Мемлекетіміз тиісті дәрежеде көмек көрсету шараларын жүзеге асырып жатыр. Біз де бауырлас елдегі жағдайға бей-жай қарамай, қолымыздан келгенше жәрдемдесіп, ең болмағанда дұға етіп, жанашырлығымызды танытайық!

Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық нәсіп етіп, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: