#Жамбыл: «Бір айда бір кітап»: «Жанталас» романы талқыланды

#Жамбыл: «Бір айда бір кітап»: «Жанталас» романы талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мешітке келген жастарға «бір айда бір кітап» жобасы аясында бір әдеби кітап оқып, талқылады. Келелі кездесуде Көшпенділер — Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» атты үш кітаптан тұратын тарихи эпопеясының ішіндегі «Жанталас» романы таңдалды.

Бұл шығарма — қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі. «Жанталас» — Абылай кезеңіндегі Қазақ хандығының Жоңғар, Ресей патшалығы, Қытай елдері тарапынан қыспаққа алынып, ел басына қысылтаяң күн туған қиын кезеңді әңгімелейді. Бұл кітап тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атаумен қалған ұлы қырғын — жоңғар шапқыншылығын сипаттаудан басталады.

Халықтың осы азаттық жолындағы күресінде алғаш батырлығымен көзге түсіп, кейіннен қалың қазаққа хан болған Абылайдың ғұмыры ел тағдырымен бірге баяндалады. Сонымен қатар қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы XVIII ғасырдағы азаттық күресінің шешуші кезеңдері, қазақ елінің саяси-әлеуметтік ахуалы, ішкі қайшылықтары мен сыртқы жаулары туралы тарихи мағлұмат берілген.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: