Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы «Ботабай» мешітінің имамы Қуаныш Жарылқасынұлының ұйымдастыруымен бір отбасына бір тонна көмір түсіріп берілді. Көмек алған отбасы ауыл имамына өз алғысын білдіріп, отбасы мен дінге деген қызметіне береке тіледі.
Қайырымдылық ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады. Қайырымдылық жасау үшін асып – тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі