Жер бетіндегі Алланың үйі саналатын мешітке деген ықыласы мен асыл дініміз исламға деген қызметі үшін, Тараз қаласы «Айсұлу ана» мешітінің имамы Сакен Сейдикаримовтың ұйымдастыруымен Омарұлы Рысбек ағамызға Алланың қонағы болып қайтуға қасиетті мекенге кіші қажылыққа жолдама табысталды.
Көпшілік ағаның қуанышымен бөлісіп, сапарына сәттілік тілеп, бата еріп, дұға жасады.
Мұндай күтпеген қуанышқа кенелген Рысбек Омарұлы алғысын айтып, жүрек жарды разылығын жеткізді.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешіті