Әрбір жасалған істе ізгіліктің бар екенін есте сақтаған абзал. Адамның жасаған игі істерінің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі. Жаныңда жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтаса алсаңыз адамгершілік қасиетіңіз бен көрегендігіңіздің жемісі деп біліңіз.
Жүрек жылуын ұсынып, ізгілік нұрын шашып, сый-сияпат көрсете алу адамның адамдық белгісінің қасиеті. Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар қатары көбейіп келе жатқаны қуантарлық жағдай. Осыған орай Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ержан Аманбаевтың бастауымен жағдайы төмен он отбасыға азық-түлікпен жәрдем көрсетілді.
Алла Тағала: «Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған.
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешіті