2014 жылы Сирияда мектепке жасалған шабуылдардан 160 оқушы мерт болып, 343 оқушы жарақаттанған.
Бұл туралы БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының төрағасы Кристоф Бульерак мәлімдеді. БҰҰ дерегі бойынша, Сириядағы қарулы қақтығыстан бір жарым миллион бала мектепке бармайды.
2014 жылы Сириядағы мектептерге 68 рет шабуыл жасалған. Кей сәттерде елдегі мектептерге әдейі шабуыл ұйымдастырылған.
Бульерак Ислам мемлекетінің бақылауындағы Ракка мен Дейр-эз-Зордағы мектептердің жаппай жабылуына алаңдаушылығын білдірді.
БҰҰ мәліметінше, Сириядағы қақтығыс кезінде сегіз миллион бала зардап шеккен. 1 миллион 700 мың адам босқындар лагерінде тұрады.
2011 жылдан бері Сириядағы қақтығыстан 200 мың адам қаза тапқан. Сирияда халықтың жартысынан көбі өз үйлерін тастап кеткен.
hibatulla.kz