Иса пайғамбардың соты өткен жер табылды

Иса пайғамбардың соты өткен жер табылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иерусалимде археологтар Ирод патшаның сарайы болған ғимараттың орнын тапты, - деп хабарлайды КорреспонденТ.net The Washington Post басылымына сілтеме жасап. Ғалымдардың айтуынша, Иса пайғамбардың соты өткен ғимарат - осы.

 Израиль ғалымдары ғимараттың қалдықтарын кездейсоқ тапқан. О баста археологтар Давид мұнарасын кеңейтуге кедергі келтіруі мүмкін топырақ құрамын зерттемек болған.

Ғалымдардың айтуынша, Иса пайғамбардың сотталған жері болуы мүмкін делінген орын келешекте Қасиетті Жердегі христиандар тәу ететін негізгі мекендердің біріне айналуы мүмкін.

Діни әдебиеттер бойынша, осы жерде Иса пайғамбар Иудея билігіне ұмтылды деген желеумен айыпталып, оның ісі Рим прокураторы Понтий Пилатқа беріледі. Алғашқыда прокуратор оған ешқандай айып тақпағанымен, көпшіліктің наразылығынан соң крестке керуге үкім шығарады.

baq.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: