#Меркі ауданынан Түрік бауырларымызға гуманитарлық көмек

#Меркі ауданынан Түрік бауырларымызға гуманитарлық көмек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы тұрғындары Түркия мен Сирия елдеріндегі болған жағдайға байланысты гуманитарлық көмек ұйымдастырып жатыр.

Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы арнайы көмек жиналып жатқан жерге барып, дұға жасап, мешіт атынан өз үлестерін қосты. Аудан тұрғындарының ықыласынан Түркия еліне жіберілетін бір жүк көлігі азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттарға толтырылып, екінші жүк көлігіне көмек жинала бастады. Алла нәсіп етсе екі жүк көлігіде жолға шығады.

Алла Тағала аудан тұрғындарының ниеттерін қабыл етіп, сауаптан жазғай.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: