Түркияда мемлекеттік қызметкерлер мен саясаткерлердің және кәсіпкерлердің телефон әңгімелерін заңсыз тыңдады деген айыппен 20 полиция офицері қамауға алынды.
Айта кетейік, былтыр дәл осындай айыппен Түркияда ондаған лауазымды тұлға қамалған олатын. Ел билігі мұны оппозициялық күштердің үкіметке қарсы жүргізген науқанының бір бөлігі деп есептейді. Ал, оппозицияның артында бұрынғы имам, бүгінде АҚШ-ты паналап жүрген Фетхулла Гүлен тұрғаны белгілі.
Гүленнің өзі болса осынау қылмыстық іске еш қатысым жоқ деп ақталып отыр. Дегенмен, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған оны төңкеріс жасамақ болды деп айыптауда.
Baq.kz