Алғаш рет ТМД-да 2015 жылдың 19-21 мамырында Алматыда Ислам қаржылық қызметтері кеңесінің 12-ші Саммиті (IFSB) өтеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен IFSB арасындағы аталған іс-шараны өткізу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға 2014 жылғы 31 желтоқсанда қол қойылды, деп хабарлайды BNews.kz.
IFSB саммиті əлемде исламдық қаржыландыруды ағымдағы дамыту, исламдық қаржы мекемелерінің қызметін реттеу, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы өңірлік жəне ғаламдық ынтымақтастық, осы саланың əлеуетін өсіру мəселелері, сондай-ақ перспективалары мен даму жоспарлары талқыланатын исламдық қаржы индустриясының негізгі ойыншыларының диалог жүргізетін алаңы болып табылады.
«Исламдық қаржылық қызметтер жөніндегі кеңестің Саммиті алғаш рет 2004 жылы Уэльс Ханзадасы Чарльздің басқаруымен Ұлыбританияда өткізілген болатын. Кейінгі Саммиттер Катарда, Ливанда, БАƏ-де, Иорданияда, Сингапурда, Бахрейнде, Люксембургте, Түркияда, Малайзияда жəне Маврикияда өткізілді. Саммит жыл сайын мамыр айында орталық банктердің немесе іс-шараны қоса ұйымдастырушы елдердің реттеушілерінің қолдауымен өткізіледі», - деп толықтырды Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
Саммиттің жұмысына 35-тен астам елдің 300-ден аса делегаты қатысады, оның ішінде реттеуші жəне қадағалау органдарының, халықаралық қаржы институттарының жоғары мəртебелі адамдары, қаржы нарығына қатысушылар, ғылым жəне білім беру саласының өкілдері бар.
Қазақстанда мұндай іс-шараны өткізу Алматыны ТМД-дағы жəне Орталық Азиядағы исламдық қаржы хабы ретінде орнықтыруға ықпал ететін болады.
The Islamic Financial Services Board (IFSB), Исламдық қаржылық қызметтер жөніндегі кеңес – банк жəне сақтандыру жүйесінен, сондай-ақ капитал нарығынан тұратын исламдық қаржылық қызметтериндустриясының тұрақтылығын қамтамасыз ететін ұйымдарды реттейтін жəне бақылайтын халықаралық орган. IFSB-ның 184 мүшесі бар, оның 59-ы реттеуші жəне қадағалаушы органдікі жəне 8 халықаралық үкіметаралық ұйымдар. 2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Исламдық қаржылық қызметтержөніндегі кеңесіне (IFSB) кірді. 2009 жылы Қазақстан Республикасында Исламдық қаржыландыру жөніндегі заң қабылданды, соған сəйкес ислам банктерінің, исламдық инвестициялық қорлардыңжұмыс істеуі, исламдық бағалы қағаздардың шығарылуы үшін жағдайлар жасалған.
2011 жылы мемлекеттік исламдық бағалы қағаздарды шығару мүмкіндігін көздейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттері шығаратын исламдық бағалы қағаздардың оригинаторларының тізбесін кеңейтетін заң қабылданды Исламдық қаржыландыруды, сақтандыруды жəне лизингті дамыту үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру жəне исламдық қаржыландыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын əзірледі. Қазіргі уақытта көрсетілген заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің талқылауында жатыр.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Исламдық қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасын бекітті, оны іске асыру исламдық қаржылық қызметтер индустриясын тұрақты дамыту үшін жағдайлар жасауға, эмитенттердің, инвесторлардың жəне нарыққа қатысушылардың шекті көлемін құруға ықпал ететін болады.
hibatulla.kz