Жақында Бангкок қаласында Тайланд премьер-министрі Праюта Чан-Очтың бастамасымен Тайланд Бірінші «Халал» Ассамблеясы (Thailand Halal Assembly 2014) өтті.
2014 жылдың 29-30 желтоқсан күндері жетінші «HASIB» (Ғылым, халал индустрия және халал бизнес) конференциясы өткен болатын. Сондықтан, айтулы ассамблеяның ішіне көрме, семинар және конференция да кіріктірілді.
Бірінші «Халал» Ассамблея «CICOT» Тайланд Ислам орталық кеңесі, «HSIT» Тайланд «Халал» стандарт институты, сонымен қатар, Чулалонгкорн университетінің «Халал» ғылыми орталығы мен «Халал» дамыту кеңесінің ұйымдастыруымен өтіп отыр.
Қазіргі таңда Таиланд мемлекеті халал индустрияны дамытуда жетекші орында тұр. 2014 жылы өткен «Moscow Halal Expo» көрмесінде Таиланд экспозициясы ерекше көзге түсіп, орталық орынды иеленген болатын. Ол көрмеде аталмыш ел өзінің халал стандарттары төңірегінде ғылыми жоспарлары мен туристік мүмкіндіктері, ұлттық асханалары мен дәстүрлі халал өнімдерін ұсынған еді.
hibatulla.kz
Сайт материалдарын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті