2015 жылдың алғашқы күні Дубайда жиырмасыншы «Dubai Shopping Festival» сауда фестивалі басталады. Тұтас бір ай бойы дубайлық дүкендерде сатып алушыларға көптеген жеңілдіктер қарастырылған, бағалы жүлделі лотереялар ойнатылады, олардың қатарында автомобильдер, ондаған келі алтын, ірі ақшалай сыйлықтар, зергерлік әшекейлер және басқа да бағалы жүлделер болмақ. Әмірлік мегаполисінің көшелерінде карнавалдар мен концерттер өтеді, күн сайын ірі сауда орталықтарында әртістер музыкалық ұжымдар өнер көрсетеді.
Дубай әмірлігінің билік орындарының айтуынша, мерейтойлық жиырмасыншы фестиваль осы шаралардың бүкіл тарихындағы орасан зор шара болмақ. Dubai Shopping Festival кезінде барлығы 150 ойын-сауық шаралары көзделген, оларға ірі қонақүйлер, саябақтар, көшелер мен жағажайлар қатыстырылады.
Ресми статистикаға қарағанда, дубайлық сауда фестивалінде әмірліктегі жылдық бөлшек сауда сатылымының 30 пайызы келеді. Бөлшек сауда БАӘ-дегі ең серпінді дамып отырған салалардың бірі. Таяудағы бес жыл ішінде оның жыл сайынғы өсімінің қарқыны 12 пайыздан асып, 2017 жылы жылдық сату көлемі 33 млрд. дирхамға жетеді.
hibatulla.kz