Ережеп айының құрметіне орай "Әзрет Әли" мешітінде қайырымдылық шарасы жасалды. Игі науқанда 9 мұқтаж отбасыға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.
Әр отбасыға арнап жасалған азық себетінде ұн, май, макарон, қант, печенье, т.б сынды ең керектілері бар. Белсенді жамағаттың ұйымдастыруымен жасалған қайырымдылық шарасына келген мұқтаж отбасыларға "Әзрет Әли" мешітінің наиб имамы Азамат Баешов уағыз-насихат айтып, сабырға шақырды.
Айта кетейік, әрбір азық себетіне 9000 теңгеден астам қаржы жұмсалды. Қасиетті айда жасалған игі іске тұрғындар алысын айтып, разылықтарын жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі