Белбасар ауылдық әкімшілігінде мемлекеттік қызметкерлермен діни жүздесу жасалды. "Исламдағы аманат" жайлы дәрісті мешіт имамы Бақыт Тилемисов жүргізді.
"Аманат сөзінің астары тереңде жатыр. Бұл – адамдар арасындағы жағымды сипаттың бірі. Әсіресе, қазақтың күнделікті тіршілігінде бұл ұғым адамшылық белгісі ретінде қолданылады. «Аманатқа қиянат жасама» делінеді халық даналығында. Ал, қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне үңілсек, «Орындауға тапсырылған міндет, өсиет» деген ұғым берілген екен. Аманат – өз алдына оқшау тұрған дара қасиет. Мүмін өзіне тапсырылған аманатты сақтауға бар күш-жігерін жұмсайды. Оның имандылығы да осы сипатымен бағаланады" - деп атап өтті имам.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі