#Тараз: Жомарт жан мешітке 3 шаңсорғыш сыйлады

#Тараз: Жомарт жан мешітке 3 шаңсорғыш сыйлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Біздің елімізде уақып жақсы дамып келеді. Уақып дегеніміз – белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалану. Уақып жасаушы адамның ниеті аса маңызды. Шариғатымызда: «Уақып етушінің сөзі – Құдайдың үкімімен тең» деген қағида бар. Яғни, уақыпқа берілген мүлік оны Алла жолында жұмсаған иесінің айтуы бойынша пайдалануға беріледі. 

Халқымыз: «Өзін ғана ойлаған жамандықтың белгісі, өзгені де ойлаған адамдықтың белгісі» дейді. Асыл дініміз өзгелерге көмектесуге, қамкөңіл жандардың қамын жеуге үндейді. Алланың қалауымен жанашыр бауырларымыз Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітіне үш бірдей шаңсорғышты тарту етті. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Жақсы көрген нәрселеріңді (дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар» («Әли-Ғимран» сүресі, 92-аят) деп, бізге әмір етуде.

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: