#Жамбыл: Зиянды әдеттерден аулақ болу

#Жамбыл: Зиянды әдеттерден аулақ болу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы №7 мектебінде «Айша-бибі» мешітінің имамы Таджибаев Қатарбай мектеп оқушыларымен кедесті. Келелі кездесуде дін қызметкері оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Рухани тәрбие турасында өткен жүздесуде, балалардың сұрақтарына жауап берген ауыл имамы, оларға білім алудан артық теңдессіз дүние жоқ екендігін түсіндірді.

Қазіргі уақытта жеке адамға және бүтіндей қоғамға қатер тудырып бара отырған дертті мәселелердің бірі – зиянды әдеттерге тәуелділік. Оның салдары күнәлі істердің жасалуы, қылмыстың көбеюі, отбасында берекетсіздік, бірліктің ыдырауы сияқты мәселелерге әкеліп соғуда. Сондықтан, бүкіл қоғам болып біз зиянды әдеттерден аулақ болғанымыз жөн!

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: