Өткен демалыс күндері Чикаго қаласында мұсылмандардың үлкен съезі өтті. Онда әлемнің мыңдаған мұсылмандары мен Ислам ғұламалары бас қосты.
Американың мұсылмандар қауымдастығы (MAS) және Солтүстік Америка Ислами ортасы (ICNA) ұйымдастыратын съезд жыл сайын өткізіледі. Биылғы жылы съезд 2014 жылдың 25-29 желтоқсан күндері аралығында өтті.
Айтулы жиынға АҚШ, Канада және Еуропадан 15 000-нан астам мұсылман жамағаты жиналып, Чикаго қаласындағы McCormick Place ғимаратында бас қосты.
Айта кетерлігі, жиынға алғашқы күндері 500 адам қатысып, кейін қатысушылар саны күрт өсті. 5 күндік съезд «Иман - өміріміздің бағыт-бағдары» тақырыбында өтті.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті