ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Масаншы ауылында орналасқан "Қордай Құран Қарилар дайындау" орталығында болып қайтты.
Орталықтың ұстаздары және шәкірттермен кездесіп, студенттердің білім деңейін тексерді. Білім ордасының күй-жайымен танысып, құжаттар, сабақ жоспары, үлгерім жайында ақпарат алды. Сонымен қатар өткізілуге тиісті іс-шаралар бойынша ұстаздарға тапсырма берді.
Бейбіт Әліпбекұлы шәкірттермен жүздесуде, Құран оқуы, орталықтағы жағдайлары жайлы тілдесіп, сұқбаттасты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі