ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Қордай ауданына арнайы іс-сапармен ат басын бұрды.
Өңірдің діни хал-ахуалын бақылап, дін қызметкерлерімен сұқбаттасу мақсатында мешіттерді аралап, имам-молдалармен жүздесті.
Биылғы жылдағы жаңа бастама, 5 бағыт туралы тілге тиек етіп, дін қызметі, Алланың қызметін атқаруда күш-жігер тілді. Бас имам бір қатар мәселелерді тізіп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі