Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Режеб айында көбірек кешірім тілеңдер. Өйткені бұл айдың әр сәтінде Алла тағаланың жаһаннамнан азат ететін құлдары болады. Сөз жоқ, Aлла тағаланың (жәннатта жаратқан) сондай сарайлары бар, оған тек Режеб айында ораза ұстағандар кіре алады”. (Дәйләми, Мүснәд ул-фирдаус)
Режеб айының алғашқы жұма түні - Рағайып түні. Осы түнге ораза ұстап кіру керек. Рағайып түні, ақшам мен құптан намаздары арасында 12 ракағаттық қажет намазы оқылады.
Әдеттегі жұманың түніне Рағайып кеші сәйкес келіп,нұр үстіне нұр болған-ды. Осыған орай "Жиенбет Жексенбай" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібеков бастаған жамағат құптан намазында бас қосты. Бірлесіп ғибадат жасап, жұма дастарханында еркін әңгіме құрып, уағыз-насихат тыңдап, Отан үшін, отбасы үшін дұға етіп тарасты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі