Бүгін орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Елордада өткен төралқа отырысынан оралған соң мешіт қызметкерлерін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапаттады.
"Сіз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі іс-шаралары мен ізгі және Діни басқарма бастамаларын іске асыруда белсенді түрде қызмет етіп келесіз. Сізге өзімнің ұжымы атынан айрықша алғысым мен риясыз ризашылығымды білдіремін. Шынайы ықыласпен жасаған жұмыстарыңызға Алла мол сауаптан жазсын! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге береке тілеймін!" - деген марапат мәтінінде.
Аталған алғысты "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев, Іс басқарушы Халид Қожахметов, наиб имам Нұрлан Мұрат, мешіт-медресе ұстазы Жарбол Ақжігіт, баспасөз хатшысы, журналист Ақерке Шахризатқызы иеленді.
Облыс бас имамы қызметкерлерге алғыс айтып, жұмыстарына жеміс, Алланың разылығын тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі