#Тараз: Қыз-келіншектерге "Халал ас" жайлы семинар жасалды

#Тараз: Қыз-келіншектерге "Халал ас" жайлы семинар жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала адамзатқа Алланың атымен бауыздалған төрт түлік мал, құс, кейбір жабайы аңдарды халал етті. Ал Алланың аты айтылмай бауыздалған мал, құс, сонымен қатар шошқа еті, қан, өліксе т.б. харам етілді. Әлем жан-жақты дамыған қазіргі уақытта түрлі қоспаларға толы күнделікті тұтынып жатқан тағамдардың құрамы қандай? Көп адамдар оған мән бермей пайдалануда. Әрбір мұсылман харамнан сақтануы міндетті. 

Міне, осыған орай "Кеңесхан қажы" мешітінде ҚМДБ "Халал Даму" ұйымының облыстағы жауапты өкілі Абылайхан Ғабитұлы мен "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің ұстазы Нұрсұлтан Зұлпыкаров қыз-келіншектерға семинар жүргізді. 

Халал тағамның маңызы, қандай өнімдерді жеуге болады, қандай өнімдер харам дегендей анықтамалар берілді. Үй шаруашылығын жүргізіп, отбасының тамақтануына жауапты болып отырған әйелдер үшін аталған семинар аса қызықты болды. Қыз-келіншектер көп сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. 

Мамандардың айтуынша, бір маргариннің құрамын айтып түсіндіру үшін 1 сабақ кетеді. Одан бөлек, тәттілер, косметика сияқты көптеген дүниелер бар. Соған байланысты мешіт ұстазы Зейнеп Жәдігерқызының мұрындық болуымен ақпаннан бастап, аталған мешітте "халал" туралы келіншектерге арнайы сабақ өткізілмек.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: