#Шу: Мешіт ұстазы спорттық сайыста 1 орын иеленді

#Шу: Мешіт ұстазы спорттық сайыста 1 орын иеленді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы "Мәншүк Мәметованың 110 жылдығына" орай 3×3 тік волейболдан өткен спорттық додаға қатысты.

Меркі ауданында өткен ашық турнирде Шу ауданы "Ардагерлер командасы" атынан қатысып 1-ші орынды иеленді.

Дене шынықтыру адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, рухани жақтан да тәрбиелейді. Өз нәпсісін жеңуге, өз денесін өзіне бағындыруға жәрдемдеседі. Шейх Али Ат-Тантауи өз кітабында спорт туралы ойын былай жеткізеді: «…және сендер, уа жастар! Дене шынығумен айналысуларың қажет. Өйткені, ол – қуат. Дене қуаты, ой ұшқырлығы, иман қуаты ер жігіттің көркемдігі. Спорт нәпсінің құлдығынан сақтайтын ең жақсы жол. Спорт – Алланың қойған парыздары мен білім үйренуден кейінгі ең абзал әрекет. Егер спорт харам нәрселермен байланыспаған болса, ол жастарға ең жарасымды уақыт өткізу шарасы болып табылады» - деген.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: