Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның семьяда бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Iшімдік – барлық жамандықтың көзi» – деп ескерткен. Осы хадиске амал еткен Тараз қаласының Қарасай (Казпаселок) алқабының тұрғындары және «Намаз ата» мешітінің имамы Абдухалиқов Сардарбектің атсалысуымен 5 дүкен арақ-шарап сатудан бас тартты. Аталған дүкендердің егелеріне мешіт атынан алғыс хат беріліп, бұлда дінге қызмет екенін білдірді.
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі



18 Қаңтар 2026
29 Раджаб 1447

