Байзақ ауданы "Байзақ баба" мешітінде мешіт ұстазы Жанат Кушербаеваның шақыртуымен Жамбыл облыстық әйел-қыздар секторының жетекшісі Жазира Иманалиева өңірде қонақта болды.
Әйелдер жамағатына әсерлі уағыз-насихат жүргізілді. Әйелдің исламдағы орны және білім алуының маңызы турасында сөз қозғалды. Соңында жамағат көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
"Байзақ баба" мешітінің баспасөз қызметі