Исламды қабылдаған теңізші туралы фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды

Исламды қабылдаған теңізші туралы фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

АҚШ-та теңіз жаяу әскерінің ардагері мұсылмандарды жаппай өлтіруді жоспарлағаны жайлы фильм «Оскар» сыйлығына ұсынылды. «Қақпадағы бейтаныс» фильмінің шынайы тарихы мынада: АҚШ-тың Индиана штатының тумасы Ричард МакКинни АҚШ армиясында 25 жыл қызмет етіп, әр жолы Сомалиден және Ортаның ыстық нүктелерінен үйіне оралады.

Шығыс оның ішінде «жауға» деген ашу мен өшпенділікті қайнады. Қолында кішкентай татуировкасына ол өлтірген «жаулардың» санын жазды. Оның қолында осындай 26 татуировкасы бар. Қызметін аяқтаған соң Манси қаласына орналасып, мұсылмандарды жек көру мақсатында жергілікті мешітте теракт ұйымдастыруды ұйғарды. Алайда мешітке келіп, жылы қарсы алғандарды көрген Ричард исламға деген көзқарасын түбегейлі өзгертіп, кейін мұсылмандықты қабылдайды.

Оның өмірі мен Исламға келуі туралы қысқаша фильм түсірілді. Фильмде МакКинни өзінің ықтимал құрбандарымен, негізінен ауғандық босқындармен танысқанын көрсетеді. Ислам орталығының негізін салушылар Сабер мен Биби Бахрами оған адами көзқарас тапқан кезде ПТСД-дан зардап шеккен соғыс ардагері жүрегі жібейді, деп хабарлайды IslamNews.

«Қақпадағы бейтаныс» фильмімен қатар «Оскардың үздік қысқаметражды деректі фильм» номинацияларына «Марта Митчелл эффектісі», «Жыл қалай өлшенеді?», «Пілдің сыбырлағандары» және «Шығу» фильмдері кірді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: