Өткен күні Ыстамбұлда және Түркияның батысындағы басқа қалаларда 90-нан астам мешітте жаңбыр тілеп тассаттық намазы оқылғаннан кейін жаңбыр жауды.
Елімізде желтоқсан мен қаңтар айлары өте құрғақ болды. Елеулі жауын-шашынның болмауы Ыстамбұл су қоймаларындағы су деңгейінің апатты төмендеуіне әкеліп соқты, құрғақшылық қаупі және тұтынушыларға су беруде шектеулер туындады.
Енді көктен құйылған жаңбыр өмір сыйлайтын ылғал мен салқындықты өзімен бірге алып келді. Температура қаңтардағы аномалдан +17 +11-ге дейін күрт төмендеді.
asyldin.kz