БАС МҮФТИ ҚҰРАНДЫ ӨРТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ҚМДБ ҰСТАНЫМЫН МӘЛІМДЕДІ (ФОТО)

БАС МҮФТИ ҚҰРАНДЫ ӨРТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ҚМДБ ҰСТАНЫМЫН МӘЛІМДЕДІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Швецияда қасиетті кітабымыз Құран Кәрімді өртеу оқиғасына қатысты ҚМДБ ұстанымын мәлімдеді. Бас мүфти 100-ден астам мұсылман елдерінің мүфтилері мен ғалымдары басқосқан халықаралық онлайн конференцияға қатысып, өз ойын білдірді.

«Расында, кім Құранды құрметтесе Аллаға құрмет көрсеткен болып саналады. Ал Құранды кемсіткен адамның әрекеті Алланы кемсіткенмен тең. Демек, Құранды қорлаған адамды Құдайдың өзі қорлайды.

Шын мәнінде, Құранды сақтаушы да, қорғаушы да бір Алла. Бұл туралы қасиетті кітабымызда былай баяндалған: «Шүбәсіз, осынау зікірді (Құранды) Біз түсірдік және оның сақтаушысы да Өзіміз» («Хижр» сүресі, 9-аят).

Құранды өртеу – шектен шығудың ең үлкені. Ол өзінің сорақы әрекетімен бүкіл әлемге бүлік салып отыр. Құранды қорлаған, оны өртеген адамды Алланың әділ үкіміне тапсырамыз. Менің ойымша, ол осы өрескел әрекетімен өзінің адамға тән болмысын қорлады. Масқара ісімен өзі масқара болды!

Алла қаласа, алдағы жұма күнінде еліміз бойынша мешіттерде «Құранға құрмет» тақырыбында жұма уағызы айтылады. Расында, Құранға құрмет көрсеткен қоғам бақытты! Өйткені, Құран – екі дүние бақытына жетелейтін кітап. Алла Тағала баршамызға Құранды қос өміріміздің рухани шамшырағына айналдырғай. Әмин!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Халықаралық онлайн конференцияда сөз алған Түркия, Пәкістан, Судан, Малайзия, Палестина елдерінің дін ғұламалары және халықаралық ұйымдардың басшылары қасиетті Құранды өртеу ісін қатаң айыптады.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: