#Тараз: Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің

#Тараз: Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде Бақара сүресінің 262-аятында: «Сондай қайыр істегендер, бергендеріне міндетсіну, ренжіту араласпаса, оларға Раббыларының құзырында сыйлық бар. Сондай-ақ оларға қорқыныш жоқ, әрі олар қайғырмайды» дейді.

Алланың жақсылыққа үндеуіне амал еткен қалалық орталық «Әулие ата» мешітінде қайырымдылық шарасы жасалды. 5 баласы бар анаға азық-түлік жеткізіліп, 3 науқас адамға «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында қаржылай көмек берілді.  

"Осындай қиын қыстау заманда мешітке демеушілік танытып, Алла жолында қол ұшын берген азаматтарға мың алғыс" - дейді Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев.

 Тараз қалалық "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: