Британдық жазушы Шелина Джанмухамед Еуропа елдерінің бірінде танымал жаңалықтар подкастын жүргізген алғашқы хиджаб киген мұсылман әйел болды.
Шелина Джанмухамед – Ұлыбританияда мұсылман болу туралы бестселлер кітап жазған жазушы, әрі маркетинг жөніндегі сарапшы. Жазушыға өзінің подкаст шоуын жүргізу ұсынылды. Апталық «Шелина шоуда» Ұлыбританиядағы өзекті әлеуметтік мәселелер – кедейлік, «алтын жастардың» өмір салты, сұлулықтың заманауи стандарттары және т.б. қарастырылады. Джанмұхамедтің айтуынша, Сирияға қашып, содырдың әйелі атанып, үш баласы бар, араб аймағының ыстық нүктелерінде қаза тапқан бұрынғы британдық мектеп оқушысы атышулы Шамима Бегумнен сұхбат алуға қарсы емес.
«Оны азаматтықтан айыру туралы үлкен пікірталастар бар, бірақ мені бұл пікірталастың сыртында не қалғаны қызықтырады - оның үш баланы дүниеге әкелгені және олардың бірінен соң бірі қайтыс болғаны еш жерде жоқ. Оны жауап алу үшін қамауға алынған кез, ол босанғаннан кейін депрессияда болуы», - деп атап өтті жазушы.
asyldin.kz