Қазанда көне Құран қайта басылып шықты

Қазанда көне Құран қайта басылып шықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1803 жылы Қазан қаласындағы Азия баспаханасында басылған Құранның әлемге әйгілі «Қазан баспасы» данасы Қазан қаласында қайта басылды. Басылым классикалық мұсхаф түрінде жарық көрді, деп хабарлайды «Татар-информ» АА Республиканың Діни мұсылмандар басқармасына сілтеме жасап.

«Қазан баспасы» мұсылман әлемінде теологиялық мойындалған және «Ар-Расм әл-Усмани» стандартына сәйкес келетін Қазан қаласының тұңғыш баспа Құраны ретінде тарихқа енді. Сонымен қатар, басылым жаңа басылымда сақталған бірегей типографиялық шрифтінің арқасында дүниежүзілік танымалдыққа ие болды.

Көне мұшафтың басылымы жоғары сапада, ыңғайлы А5 форматында, талғампаз безендірілген дизайнерлік қағазда жарық көрді. Кітаптың жалпы таралымы 3000 дана. «Қазан баспасы» Татарстан Республикасы Діни мұсылмандар басқармасының ресми сайтында да электронды форматта қолжетімді. Осы уақытқа дейін басылым 5 мыңнан астам рет жүктелген.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: